- Басты
- Жаңалықтар
- Министр Ақмола облысындағы ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралады
Министр Ақмола облысындағы ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралады
Медициналық мекемелерде аралау барасында Салидат Қайырбекова медицина қызметкерлерімен және науқастармен әңгімелесіп, еліміздің денсаулық сақтау саласында, оның ішінде ауыл халқына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Министр медициналық көмек ең алдымен науқастың қажеттілігіне бағдарлануы тиістігін атап көрсетті.
Салидат Қайырбекова ағымдағы жылдың 1 шілдесінде ауыл тұрғындарына арнап, еліміздің барлық өңірінде «Денсаулық жолы» атты кең ауқымды акция басталғанын еске салып өтті. Биылғы шара барасында қан айналымы жүйесі, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алуға және тәуекел факторларына баса назар аударылатын болады.
Акция шеңберінде құрамында терапевт, кардиолог, эндокринолог және онкологиялық қызмет мамандары кіретін мобильдік дәрігерлер бригадалары шалғайдағы ауылдарға барады. Ауыл тұрғындары профилактикалық тексеруден, зертханалық-диагнотикалық зерттеулерден өтіп, дәрігер мамандардың кеңестерін алады. Бүгінгі күнге дейін мұндай шаралар Ақмола облысының Бурабай, Еңбекшілдер ауданында өткізілді. Салидат Қайырбекова дәрігерлер бригадасы енді облыстың басқа да аудандары халқына қызмет көрсететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, ауылдарға жұмыс істеуге барған жас мамандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын сұрады. Министр жергілікті атқарушы органдар Министрлік жіберетін жас дәрігерлерге тиісті жағдай жасап, оларды тұрақтандыруға күш салуы тиістігін атап көрсетті.
Туберкулезге қарсы диспансерге барған кезінде Салидат Қайырбекова науқастарға дер кезінде көмек көрсету мәселесін алға тартты. Және қазіргі уақытта мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралардың арқасында туберкузелге қарсы күресте елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты. Соңғы 10 жылда республикада туберкулезге шалдығушылық 2,1 есе, ал қайтыс болғандар саны 3,7 есеге азайған. Бұл салада Ақмола олблысында да жағдай жаман емес. Облыста 2014 жылдың 1 жартысында туберкулезге шалдығушылық көрсеткіші 9% төмендеді.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері