СІМ сайлау кезінде халықаралық байқау институтын ашады

1 Тамыз, 2014 16:17
Сыртқы істер министрлігі Ортсайлаукоммен бірлесіп халықаралық байқау институтын ашады, деп ОКҚ өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.

«Кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты сайлау комиссиялары кандидаттардың үгіттік материалдарын тек жергілікті өңірлік масс-медиада жариялауын қаржыландыруға жіберетін болады», - деді ол.

Жұртшылықты неғұрлым толық ақпараттандыру мақсатында Ортсайлаукомның тапсырысы бойынша алдағы сайлауға арналған ақпараттық бейне- және дыбысроликтер әзірленді, олар негізгі республикалық және өңірлік теледидар және радиоарналарының тарату кестесінде 1 тамыздан бастап орналастырылады.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен барлығы 136 миллион теңге бөлінді.Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрқайсысына сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, сондай-ақ көліктік шығындарға республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді.Сонымен қатар, кандидаттардың әрқайсысы жалпы қаражат мөлшері 13 млн. 976 мың 200 теңгеден аспайтын сайлау қорын құра алады.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар