• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2014 жылдың 1 қазанына бекітілді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2014 жылдың 1 қазанына бекітілді

1 Тамыз, 2014 15:33
Бүгін, 1 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының кезекті сайлауын 2014 жылдың 1 қазанына белгілеу туралы» Бұйрығы шықты, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ОКҚ брифингінде.

«Сенат депутаттарын сайлау құпия дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады. Жанама сайлау құқығы дегеніміз – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға тек сайлаушылар – мәслихат депутаттарының ғана қатысуы», - дейді Қ.Тұрғанқұлов.

Осылайша сенаторлар мәсихат депутаттары тарапынан сайланады. Олар өз кезегінде азаматтар тарапынан тікелей сайланаған. «Парламенттің бір палатасын осылайша сайлау тәжірибесі әлемдік деңгейде кеңінен тараған», - дейді.

ҚР ОСК басшысының айтуынша, биылғы жылдың 9 қазан күні 2008 жылдың 4 қазанында сайланған сенаторлардың конституциялық құзіретті аяқталады.

Сайлау республиканың 16 өңірінде өтеді. Олар Қазақстанның заң шығару органының жоғарғы палатасына бір адамнан сайлайды.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар