АШҚҚҚ-ның несиелері БҚО-ның Ақсай тұрғындары үшін де қолжетімді

1 Тамыз, 2014 19:02
Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының(АШҚҚҚ) несиелерін Ақсай қаласының тұрғындары да ала-алады, деп Батыс Қазақстан облысы әкімдігінен хабарлады.

««ҚазАгро» ҰХ еншілес компаниясы осыған дейін тек ауыл тұрғындарын ғана қаржыландырып келген. Енді міне Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Ақсай қаласының тұрғындарына несие беру басталады», - делінген хабарламада.

Бұл бағдарламаның басты бағыты экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау, моноқалалардың тұрғындарын жұмыспен қамту болып табылады. Айта кетерлік жайт, бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді.

Моноқалалардың тұрғындарына несие беру шарттары мынайдай: қарыз - 3 млн теңгеге дейін, сыйақының мөлшерлемесі  - жылына 6%, сыйақының тиімді мөлшерлемесы -  жылына 6,7%-дан аспайды, несиелендіру мерзімі  - 4,5 жылға дейін, қамтамасыз ету -  қордың кепілдік саясатына сай жүргізіледі.

Сонымен қатар, қарызды өтеу бойынша жеңілдік мерзімі несиелендіру мерзімінің 1/3 бөлігінен аспайды.

Жалпы, Қор 2014 жылы Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанның 10 аймағында барлығы 1,4 млрд. теңгеге несие беруді жоспарлап отыр.

Барлық жаңалықтар