• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында құрылыс материалдары зауыты мен тоқыма цехын ашу жобасы қаралды

Қызылорда облысында құрылыс материалдары зауыты мен тоқыма цехын ашу жобасы қаралды

1 Тамыз, 2014 15:02
Қызылорда облысында облыс әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысында ШОБ-тің 5 жобасы қаралды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Солардың арасында Байқоңыр қаласы бетон зауытының асфальтбетон өндірісіне арналған пеноблок шығару, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолы бойында сервистік кешен құрылысы, тоқыма цехы және өзге де жобалар бар.

«Қармақшы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың «Аңсаған» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытгүл Райымбекова өзін өзі жетілдіру үшін және жергілікті халықты жұмыспен қамту мақсатында өзіндік тұқыма цехын ашуды арман етеді. Алайда ол үшін алдымен ғимарат қажет. Бақытгүл қазіргі таңда балаларды өзінің үйінде қабылдауда. Кәсіпкер жобасы мақұлданып, аудан әкімдігіне ғимарат беру тапсырмасы келіп түсті», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар