Қазғарыштың жобалары жоспар бойынша іске асырылуда

1 Тамыз, 2014 13:15
Қазғарыштың жобалары жоспар бойынша іске асып жатыр, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту бағдарламасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» (ЖСНЖ) жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ведомстволық бағынысты ұйымы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ іске асырып келеді.

Жобаның шеңберінде еліміздің аумағында 60 дифференциалды станциясы, теңіз локальді дифференциалды станциясы, дифференциалды түзету және мониторинг орталығы, бағалау және сәйкестендіру орталығы, мобильді дифференциалды станциясынан тұратын желі ашылды.

Мобильді дифференциалды станция (МДС) – бұл «Volkswagen Transporter» автомобилі базасында құрылатын мобильді кешенді шешім. МДС ГНСС навигациялық сигналдарын үздіксіз қабылдауды, метереологиялық көрсеткіштерді (температура, салыстырмалы ылғалдылық, атмосфералық қысым), ақпаратты беруді және қалыптастыруды («шикізат», PMB, RTCM), топографикалық-геодезиялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз етуі мүмкін.

Атап айтқанда, ЖСНЖ орталығы мобильді дифференциалды станциясының көмегімен Қазақстан Республикасының аумағындағы координаттардың жүйелерін қайта есептеу (трансформациялау) бойынша жұмыстарды орындайды. Аталған жұмыс Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын координаттардың әртүрлі жүйелеріндегі (СК-42, СК-63 және МСК) WGS-84 координаттары жүйелерінен шығатын кілтті алу үшін қажет.

Бүгінгі күні мамандардың бірінші тобы осы бағытта жұмыс атқарып жатыр. Қиындық келтіретін координаттардың жүйелерін қайта есептеу (трансформациялау) жұмыстары мамандардың құрал-жабдықтарын алып, еліміздің аумағына шығып орындауын талап етуде.

Ұлттық ғарыш агенттігінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жұмыстарды мерзімінде орындауы үшін мобильді дифференциалды станциясының базасында «Volkswagen Transporter» платформасында мобильді станцияның жеңілдетілген версиясын жасалды.

Мобильді станцияның құрамына координаттардың әртүрлі жүйелерін қайта есептеу (трансформациялау) жұмыстарын, электр генераторын және жиынтықтауыш геодезиялық жабдықты жүргізуге мүмкіндік беретін геодезиялық жабдық (GPS қабылдағыш, тахеометр, нивелир) кіреді.

Екінші бригаданың шығуы техникалық жабдық жинақталғаннан кейін тамыз айына жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар