• Басты
  • «Жасыл ел» - Қазақстан жастарының жұмысқа орналасуына таптырмас мүмкіндік (ФОТОРЕПОРТАЖ)
1 Тамыз, 2014 12:07

«Жасыл ел» - Қазақстан жастарының жұмысқа орналасуына таптырмас мүмкіндік (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Жасыл ел» бағдарламасы – жастардың жұмысқа орналасуына таптырмас мүмкіндік болып отыр. Бағдарлама биыл 9-ыншы жыл жұмыс істеуде. Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің редакциясы «Жасыл ел» студенттер жасағының жұмыс орнына барып, бағдарламаның жұмыс барысымен танысқан еді.
«Жасыл ел» - Қазақстан жастарының жұмысқа орналасуына таптырмас мүмкіндік (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Жасыл ел» - жазғы уақыттары жастардың басын қосатын бірден-бір шара. Сонымен қатар, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына араласа отырып студенттердің қосымша қаражат табуына да үлкен мүмкіндік», - дейді Астанадағы «Жасыл ел» студенттік-құрылыс жасағының бас командирі Жанат Жамантаева.

Оның айтуынша, 2005 жылы «Жасыл ел» республикалық жастар еңбек жасағы штабының құрылғанынан бері жастар еңбек жасағының қызметімен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 36-ға жетіп, 2014 жылы бұл көрсеткіш үш есеге дейін өсіп, 118-ге жетті.

«Қаламызда биылғы жылы көгалдандыру жұмыстарына басымдылық берілуде. Осы мақсатта 1 шілдеден бері 30 студент еңбек етуде. Осы орайда біздің жұмысымызды қолдап отырған әкімшілікке алғыс айтамыз. Олар 16-17 жасар жасөспірімдерді алып, оларға арнайы автобус жалдайды», - дейді.

Осылайша «Жасыл ел» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі жастарды жұмыспен қамту, көгалды жерлерді көбейту мен аймақтарды абаттандыру болып табылады. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда мұнда жұмыс істейтін жұмыскерлердің жас шамалары 16-28 жас аралығында.

«Бізде қазіргі таңда Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет студенттері мол. Жыл санап біздің қатара қосылғысы келетін студенттер саны артуда. Олар жұмыстарын шын ықыласпен атқарады», - дейді.

«Негізінен студенттік жасақта қолмен атқарылатын жұмыстар көп. Сол себепті негізгі жұмыстарды олар тәмамдап қойды. Бәрінен бұрын патротизм, табиғатқа деген сүйіспеншілік жастардың осы жұмысқа деген ынталарын ашады», - дейді А.Бекташев.

Айта кету керек, бағдарламаның іске қосылған уақытынан бері мұнда 200 мыңдай жас жұмыс істеген. Соңғы үш жылда Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жастар жасағының қатары қарқынды артып келеді.

«Биыл Астанада 2 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 800 адам студенттік жасақта тер төгуде. Ал «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша екі қолға бір күрек тапқан студент саны 30. Сонымен қатар биыл біз «Таза аула, таза кіреберіс», «Парктер маршы», «Орман мен бақ айы» мен СҚЖ пен «Жасыл ел» арасында спорттық шаралар ұйымдастырдық.

2014 жылы «Жасыл ел» жалпыхалықтық идеясын іске асыру үшін берілетін қаражат шамамен екі есеге дейін артып, 400 млн теңгеге жетті. 2013 жылы бұл көрсеткіш 212 млн теңге болған еді. Ал келер жылы 800 млн теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.

Мадина Нұрбекова
Суретке түсірген Азамат Әлиев

 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды