- Басты
- Жаңалықтар
- Алан Бөрібаев «Абай» операсын «Астана Опера» театрында сахналайды
Алан Бөрібаев «Абай» операсын «Астана Опера» театрында сахналайды
«Бұл – ұлы музыка, біздің ата-бабамыз үздік өнер туындысын жасаған және мен оның «Астана Опера» жаңа өнер ордасында сәтті шығатындығына бір сәтке де күмәнданбаймын», - деді Алан Бөрібаев.
Дирижердің айтуы бойынша, бұл туынды қазақ мәдениетінің төрт бірдей кемеңгер тұлғасының есімдерімен байланысты, олар: ұлы Абай тұлғасы, либреттошы Мұхтар Әуезов және ұлы композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди. «Абай» операсы алғаш рет 1944 жылы Алматы қаласында сахналанды.
Композиторлар Мұхтар Әуезовтің либреттосына музыканы қысқа уақыт ішінде жазған болатын. 1958 жылы «Абай» операсына біршама өзгертулер енгізілді, содан бері 2014 жылы операны Алан Бөрібаев сахналағанға дейін қойылымы өзгертілген емес. Сондай-ақ маэстро Бөрібаев 2012 жылы Германияда Оңтүстік Тюрингия Мемлекеттік операсы сахнасында «Абай» операсының еуропалық тұсаукесерін іске асырды, бұл ретте ол шығарманың өз редакциясын жасап, авторлардың төлтума идеяларын қалпына келтірді, партитураны қателіктер мен түзетулерден тазартты.
Астанада «Абай» операсы оның орындаушылық редакциясында сахналанатын болады.
Алан Бөрібаев 1979 жылы музыканттар отбасында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны опералық-симфониялық дирижерлік және скрипка класы бойынша тәмамдады. Кейін өз оқуын Вена музыка және орындаушылық өнер университетінде (ұстазы Урос Лайович) жалғастырды.
2004-2007 жылдары Астана қаласының симфониялық оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды, оркестрдің Берлинде сәтті өнер көрсеткенін атап өткен жөн. Осы кезеңде Мейнинген театрының (Германия) музыкалық жетекшісі болды. 2006-2011 ж.ж. – Норрчепинг симфониялық оркестрінің бас дирижері.
2010 жылдан бастап Жапония, Осака Japan Century Symphony Orchestra-ның шақырылған Бас дирижері қызметіне бір уақытта кірісіп, Ирландияның Радио және Телевидениесінің ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі болып қызмет атқарып келеді. Атақты оркестрлермен, соның ішінде Ресейдің Үлкен театрымен тұрақты түрде ынтымақтастықта қызмет етеді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
ҚР ӘЭД: Инвестиция, ЖІӨ, тұрғын үй және экономикалық өсімді ынталандыру шаралары -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді