СҚО-да ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қайтарылды

1 Тамыз, 2014 11:52
Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүк ауданындағы мемлекеттік табиғи қорықтың жері қайтарылып алынды, деп ҚР Бас прокуратурасынан хабарлады.

Ерекше табиғи аймақтарды қорғауға арналған заңнамына тексеру барысында Мәмлүк ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы огандардың мемлекеттік табиғи қорықтың кейбір аймағын пайдалануға берілгені анықталған.

Экологиялық занаманың талаптарын сақтамаған Мәмлүк ауданының әкімдігі қорықтың 1096 га отарлы мал шаруашылығы үшін заңды тұлғаға берген. Осылайша мемлекеттік табиғи қорықтың сақталуына қауіп төндірген.

«Осы ретте ауданның прокуратурасы сотқа уақытша жерді пайдалану туралы келісімді заңсыз деп танып, қайта қайтарып беру туралы шағым түсірді. Сот шағымды қанағаттандырып, Мәмлүк мемлекеттік табиғи қорығының жерін қайта иелігіне қайтарып берді. Соттың шешімі толығымен заңды күшіне енді», - деп ведомстводан хабарлады.

Барлық жаңалықтар