• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысы Сандықтау ауданында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша 71 әлеуметтік шарт түзілді

Ақмола облысы Сандықтау ауданында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша 71 әлеуметтік шарт түзілді

1 Тамыз, 2014 09:46
Ақмола облысы Сандықтау ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 238,1 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында 71 әлеуметтік келісім шарт құрылды. Соның ішінде 4-еуі мүмкіндігі шектеулі жандармен, 15-і ауданның 50 жастан асқан азаматтарымен арада құрылды. 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 46 пайызды құраса, келісімшартқа отырғандардың 42,3 пайызы нәзік жандылар.

Сонымен қатар, жыл басынан бері ауданда шағын несие алу үшін 256 млн теңгелік 178 өтініш түскен. Қазіргі таңда соның 50-і мақұлданып, қаржыландыру көлмі 125,1 млн теңгені құрап отыр.

Айта кету керек, бағарламаның қолға алынған уақытынан бері Сандықтау ауданында оған 466 адам қатысқан.

Барлық жаңалықтар