ҚР-да 2014 жылы екі жаңа темір жол бағыты ашылады

1 Тамыз, 2014 09:28
2014 жылы Қазақстанда Жезқазган-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл екі темір жол торабы ашылады, деп Премьер-Министрдің ресми порталы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мәминге сілтемей жасай отырып хабарлады.

«Биылғы жылы жаңа темір жолдар - Жезқазган-Бейнеу, ұзындығы 988 км және Арқалық-Шұбаркөл, ұзындығы 214 км ашылады. Барлық жаңа темір жол тораптарының жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайды», - деді А.Мәмин.

Ұлттық компания басшысы атап өткендей, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары темір жол көлігі отандық өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуде, ел экономикасының қалыптасуында және әлеуметтік тұрақтылықта басты рөл атқарды.   

Барлық жаңалықтар