Президент Жарлығымен Сенатқа сайлау уақыты анықталды

1 Тамыз, 2014 09:00
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «2014 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Сенатының депутатын тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды, деп "Казахстанская правда" газетінің ресми порталы хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясы  44  бабының 2 тармағына сәйкес, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 69 бабына сәйкес 2008 жылы сайланған Сенат депутаттарының сайлау мерзімінің өтуіне байланысты Жарлық етемін: 1. 2014 жылдың 1 қазанына Қазақстан Республикасы Сенатының сайлауын бекіту. 2. Қазақстан Үкіметіне, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне, облыс әкімдеріне Сенат сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді тапсырамын.3. Жарлық жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді», - делінген Жарлықта.

Жарлық мәтіні ресми баспасөзде жарияланды.

Барлық жаңалықтар