- Басты
- Жаңалықтар
- Душанбеде ШЫҰ елдері СІМ басшыларының Кеңесі өтті
Душанбеде ШЫҰ елдері СІМ басшыларының Кеңесі өтті
Келелі кеңеске Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі А. Мусинов, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С. Лавров, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С. Аслов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі А. Камилов қатысты.
Бұдан басқа, алқа мәжілісіне ШЫҰ Бас хатшысы Д.Ф. Мезенцев пен ШЫҰ Терроризмге қарсы аймақтық құрылымының атқарушы комитетінің директоры Чжан Синьфэн қатысты.
Сонымен қатар, делегациялардың басшыларын Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.
«ШЫҰ мүше мемлекет басшыларының 2014 жылдың 11-12 қыркүйек аралығында Душанбеде өтетін кездесуіне дайындық барысын делегаттар талқылады. Сондай-ақ, олар өзара ынтымақтастықты одан ары нығайту, халықаралық және аймақаралық істердегі ШЫҰ ролі мен орнын көтеру сыңды маңызды мәселелерді қарады», - делінген хабарламада.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді