• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық кәсіпорындардың 80 тонна қауіпті қалдықтары Францияда жойылды

Қазақстандық кәсіпорындардың 80 тонна қауіпті қалдықтары Францияда жойылды

31 Шілде, 2014 15:31
Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, 80 тонна совтолды (құрамында полихлордифенил бар май) Францияға жеткізді, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шара БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстанда полихлорланған дифенилдарды (ПХД) басқару жөніндегі кешенді жоспарды құру және орындау жобасы аясында іске асырылды. Аталған жоба Қазақстанның тұрақты органикалық ластаушылар жөніндегі Стокгольм конвенциясы шеңберінде алған міндеттемелерін орындауға бағытталған.

Бірқатар қазақстандық ірі кәсіпорындарының трансформаторларынан алынған ПХД майларын қосу есебінен тасымалданатын қалдықтардың мөлшері бастапқы 60 мың тоннадан 80 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Тасымалданатын жүк қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес ыдыстарға құйылды. Қажетті рәсімдер өткізілгеннен кейін ПХД қалдықтар құйылған 292 бөшке Лион қаласына (Франция) жеткізіліп, Треди зауытында жойылды.

Барлық жаңалықтар