• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАгроМаркетинг» АҚ 2013 жылы шамамен 1500 ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға субсидия бөлді

«ҚазАгроМаркетинг» АҚ 2013 жылы шамамен 1500 ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға субсидия бөлді

31 Шілде, 2014 14:31
Былтыр «ҚазАгроМаркетинг» АҚ 2013 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің 1554 ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға субсидия бөлді, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «ҚазАгромаркетинг» АҚ басқарма төрағасы Дархан Дәуітов.

«2013 жылы 509 млн теңгенің 1200 шақты келісімі құрылды. Соған сай 1554 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия бөлінді. Қазіргі таңда жалпы саны 2 млн теңгенің 2800 шақты келісімі қаралып жатыр», - дейді Д.Дәуітов.

Оның айтуынша, инвестициялық жоба аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері болып табылатын, сонымен қатар Қазақстанда инвестициялық жұмыстар жасайтын жеке және заңды тұлғалар АӨК салаларындағы қолданыстағы қуаттылықтарын кеңейту мен жаңаларын құру бойынша жұмсалатын шығындардың бір бөлігін жаба алады. Аталмыш инвестициялық субсидиялар шамамен 20-80 пайыз аралығында.

«Субсидияланған сыйақы үстемелері өзге валюталар бойынша жылына 5 пайыздық және теңгемен болса жылына 7 пайыздық көрсеткішпен төмендейді», - дейді.

Барлық жаңалықтар