• Басты
  • Қазақстанда жаңартылмалы электр энергиясы көздері белгіленген тарифтер бойынша сатып алынады - БҰҰДБ
25 Мамыр, 2013 00:00

Қазақстанда жаңартылмалы электр энергиясы көздері белгіленген тарифтер бойынша сатып алынады - БҰҰДБ

Жаңартылатын көздердің электр энергиясы белгіленген тарифтер бойынша бірыңғай есептік орталықпен сатып алынады, деп хабрлады ҚР-да БҰҰ дамыту бағдарламасының энергия тиімділігі мен энергетиканың жаңартылатын көздері бойынша кеңесшісі Геннадий Дорошин «Стратегия 2050» сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.
Қазақстанда жаңартылмалы электр энергиясы көздері белгіленген тарифтер бойынша сатып алынады - БҰҰДБ
«Жаңартылған энергия көздерін қолдау туралы қазіргі заңға өзгертулер енгізіледі, ол осы электр энергиясын сатып алуға белгіленген тарифтерін қамтамасыз етеді. Жаңартылған энергия көздері жобасынан электр энергиясы жүйелік оператор жанында ұйымдастырылған бірыңғай есептік орталықпен сатып алынатын деңгейді белгіленген тарифтер анықтайды», - деді Г.Дорошин. 
Сарапшының айтуынша, мұндай механизм белгілі бір дәрежеде бюрократиялық тосқауылдарды азайтып, ЖЭК саласындаға инвестициялық жобаларды қарау тұрғысынан инвестордың ашықтығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Бұдан өзге, БҰҰДБ өкілі ЖЭК бойынша инвестициялық жобаларды келісу кезінде туындаған қиындықтарды жоюға мүмкіндік беріп, баламалы энергетиканы дамытуға серпін болатынын атап өтті.
ЖЭК энергиясының қымбат тұратынына қатысты БҰҰДБ сарапшысы уақыт өте келе баламалы көздерден алынатын энергия арзандап, алғашқы инвестицияларды қайтару мерзімімен қамтамасыз етеді деп есептейді. 
«Инвестор банкпен есептескен соң электр энергиясының құны сәйкесінше төмен болады», - деп толықтырды Г.Дорошин.
Осылайша, оның айтуынша, өтемділік мерзімінен өткен жел электр станцияларынан алынатын электр энергиясының құны шамамен 5 цент деңгейінде, яғни бұл қазіргі электр энергиясы рыногіндегі құн.  
Айта кету керек, жаңартылатын көздерімен өндірілетін энергия үшін белгіленген тарифтер сызбасы инвестициялық және пайдалану шығынынан, сонымен қатар желіге қосу шығындарынан тұрады. 
Осылайша, ЖЭК-нің әр түріне республика бойынша бірыңғай тариф бекітіледі. Тарифтердің жарамдылық мерзімі де белгіленеді, осы мерзімде жаңартылатын энергия көздерін түгел сатып алу кепілденеді.
Белгіленген тарифтер келесі кезеңдерді қайта қарауға жатады. 
Бүгінгі таңда республикада ЖЭК-нің 25 жобасы жүбзеге асырылған, оның ішінде Рождественский кордонында Болотовты орнату, Гумилев атындағы ЕҰУ шатырындағы күн құрылғылары, Алматы облысының тау өзендерінде пайдалануға жалпы бекітілген қуаттылығы шамамен 20 МВт болатын 5 кіші ГЭС енгізілген. 
Сонымен қатар, 2013 жылы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға кірісу жоспарланған, оның ішінде қуаттылығы 45 МВт болатын Ерейментау жел паркі құрылысының бірінші кезеңі. Жел паркінің жалпы қуатттылығы 300 МВт-ты құрайды. Аталған жоба ЭКСПО-2017 нысандарын қамтамасыз ететін энергия көзі ретінде жұмыс жасауы тиіс.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды