• Басты
  • Жаңалықтар
  • 1-7 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірінде баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы өтеді

1-7 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірінде баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы өтеді

31 Шілде, 2014 13:46
Дүниежүзілік баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы шеңберінде еліміздің барлық өңірінде 2014 жылдың 1-7 тамызы аралығында «Ана сүтімен тамақтандыру: 10 қадам. Балаға тілектестік!» тақырыбында баланы ана сүтімен тамақтандыру ұлттық апталығы өтеді, деп денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың репродуктивтік денсаулығын нығайту, ана мен бала денсаулығын сақтау болып табылады. Осы бағытта ерте жастағы балалардың дұрыс дамуы үшін тиісті күтімді қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру қарастырылған.   

Шараны өткізудегі мақсат – алты айға дейін баланы тек ана сүтімен тамақтандыру үшін «Ана сүтімен тамақтандырудың 10 қадамы» қағидасын іске асыру; ана сүтімен қоректендіруге үйрету бағдарламаларын насихаттауда қоғамның күшін біріктіру болып табылады.     

Апталық шеңберінде болашақ аналарға және бала емізетін әйелдерге семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, дәрістер және консультациялық кеңестер ұйымдастырылады және өткізіледі, босануға дайындық, отбасын жоспарлау, жас ана мектептерінде, дені сау бала кабинеттерінде болашақ ұрпақ үшін ана сүтімен тамақтандырудың маңыздылығы түсіндіріледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы әлемнің 170 елде өткізіледі. ДДҰ баланы алты айына дейін тек ана сүтін емізуді ұсынады. Адамзат пайда болған кезден жаңа туылған балаларға ана сүтін емізу оның өмір сүруі мен физикалық және психологиялық дұрыс дамуын қамтамасыз ететіндіктен барлық халыққа ортақ болып табылады. 

Барлық жаңалықтар