Қазақстанда 6 технопарктың сайты іске қосылды

31 Шілде, 2014 12:23
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап еліміздегі 6 технопарктың жаңа сайттары іске қосылды, деп «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-дан хабарлады.

Жаңа дизайн және ақпараттық құрылым мен функциялар қолданушыларға  жұмыс істеуге барынша қолайлы болу үшін жасақталды.

Оралдағы  «Технопарк Алгоритм» ЖШС-ның, Қарағандыдағы  «Сары-Арқа» Технопаркі» ЖШС-нің, Алматыдағы «Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» АҚ-ның , Астанадағы «Астана қ. Өңірлік технопаркі» ЖШС-ның, Шымкенттегі  «ОКО Өңірлік технопаркі» ЖШС-ның , Өскемендегі «Алтай» ШҚО өңірлік технопаркі» ЖШС-нің жаңартылған сайттарында олардың көрсететін қызметі туралы  толыққанды ақпарат алуға болады және онлайн өтініште бере аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, технопарктердің басты міндеті аймақта инновациялық қызметтің дамуына қолайлы жағдай жасау, жан-жақты қолдау көрсету және заманауи технологияларды енгізуге септігін тигізу болады. 

Барлық жаңалықтар