Ақмола облысында астықты сақтау бойынша кеңес өтті

31 Шілде, 2014 10:01
Ақмола облысы Көкшетау қаласында биылғы бидайды сақтап қалу бойынша кеңес өтті. Онда өнімді кептіру, тазарту, сақтау сынды мәселелер талқыланды, деп хабарлады "Ақмола Медиа Орталыгы».

Келелі кеңеске монополияға қарсы ведомствоның, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің, облыстық салалық басқармалардың, «Қазақстан темір жолы»  өкілдері, наубайхана иелері, кәсіпкерлер және т.б. қатысты. 

«Облыстың ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер биыл 4,5 млн га астам алқаптан егін жинайтын болады. Олардың үшінде бидайдан баста түрлі дәнді-дақылдар бар. Биылғы климаттық  жағдай жалпы 4,0 млн тонна бидай жинап аламыз деп е ептеуге мүмкіндік беріп отыр. Оры ретте әр гектардан орташа есеппен 9,6 ц астық жиналатын болады деп болжануда», - делінген хабарламада.

Алқа мәжілісінде наубайханалар мен элеваторлардың биылғы бидайды қабылдап алуға дайындығы, оларды жеткізу сынды бірқатар мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, нан пісіретін кәсіпорындарды жаңғырту мәселесіде назардан тыс қалмады.  Сала мамандары бидайды кептіру, тазарту кешендерін жаңғырту  мәселелерін талқылады.

Жалпы, кездесу барысында алдағы егін жинау майсымына барлық жауапты органдар мен кәсіпорындардың дайындығы жоғары деңгейде болсын және қажетті құжаттар дер кезінде толтырылып жіберілетін болсын деп қатаң тапсырма берілді.

 

Барлық жаңалықтар