- Басты
- Жаңалықтар
- Терминологиялық сөздік: Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция
Терминологиялық сөздік: Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция
Қазақстандық өнімдер мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарықтарға экспортты жоғарылату мақсатында, ҚР шекарасынан тыс жерлерде өндірістік транспорттық-логистикалық объектілерді құру арқылы Қазақстанның транспорттық-транзиттік дамуы бойынша Үкіметтің әзірленіп жатқан Бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында, бірлескен кәсіпорындарды, мысалы, көлге тікелей шығу жолы бар елдерде порттарды, әлемнің негізгі транзиттік нүктелерінде транспортты-логистикалық тораптарды, ҚР көршілес аудандарда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша – Еуропада, Азияда, Америкада құру жоспарлануда.
Жаһанды инфрақұрылымдық интеграция өз қол астында инфрақұрылымдық объектілері мен бүкіл әлем бойынша өкілеттіліктері бар, қысқа мерзім ішінде кез-келген бағытта жүк тасымалын жүзеге асыра алатын трансұлттық логистикалық корпорациялардың қызметіне іспеттес болып келеді.
Осындай корпорациялардың бірі болып қызметі жаһандық теңіз тасымалдары, авиатасымалдау, жерүсті тасымалдау, тасымалдау-жеткізуді басқару үшін IT-қызметтерді ұсынумен келесімшарттық логистиканы және т. б. қосатын, швейцарлық «Kuehne+Nagel» компаниясы табылады. Аталған корпорация 1000 кеңседен, 63 000 қызметкерден, сонымен қатар 7 млн. м2 қоймалардан тұратын жаһандық желіге ие. Басқа ірі корпорация болып, 130 елде 2000-ға жуық кеңсесі және 91 000-нан астам қызметкерлері бар, «DB Schenker Logistics» («Неміс темір жолдары» АҚ еншілес компаниясы) саналады.
Трансұлттық транспорттық корпорациялар өздерінің жеке өкілдіктерінен басқа жергілікті логистикалық компаниялармен белсенді түрде жұмыс істейтіндігін атап өткен жөн. Осылайша, 2000 жж. басында «Kuehne+Nagel» компаниясы Сингапурда орналасқан «SembCorp Logistics» ірі австралиялық логистикалық компаниямен стратегиялық альянс жасасып, Азия-Тынық мұхиты аймағында белсенді дами бастады.
Өз кезегінде, «Неміс темір жолдары» АҚ 2006 ж. қаңтарында 133 елде 12 000 қызметкері және 500 кеңсесі бар американдық «BAX Global» экспедиторлық компаниясын иеленді.
Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады -
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
Қазақстан экспортқа қандай өнімді көбірек шығарады -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Қазақстандағы электронды сауданың жағдайы. Онлайн-сауданың дамуына не кедергі -
Қазақстанда азық-түлік бағасының өсімі қандай -
Елімізде инфрақұрылымдық жобалар аясында 13 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды -
Қ.Тоқаев Алматыдағы бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты