- Басты
- Жаңалықтар
- Бас санитарлық дәрігер осы жылы қажылықтан бас тартуды ұсынды
Бас санитарлық дәрігер осы жылы қажылықтан бас тартуды ұсынды
«Кісі шығынына алып келуі бек мүмкін өте қауіпті таяу шығыс респираторлы синдромының қазір асқынған кезі. Қазіргі таңда осы дерттің 700 жағдайы тіркелсе, соның ішінде 300-і өлім-жітіммен аяқталған. Әсіресе бұл Сауд Арабиясында (400 оқиға) кеңінен тараған. Бұл елдегі өлім деңгейі де 115-ке жеткен. Енді бұл вирус Еуропа елдеріне де тарауда. Соның ішінде Англия, Франция мен Америка елдері бар», - дейді Ж.Бекшин.
Қажылық кезінде бас санитарлық дәрігер таяу шығыс респираторлы синдромның күрделі жағдайына байланысты діни рәсімді қоя тұру керектігін ескертеді.
«Біз қажылықтан тыюды мақсат етіп отырған жоқпыз, міндетімізді орындап халыққа қатердің жолын ескертіп, қауіптің алдын алуға шақырудамыз. Онда барған адам сырқатты жұқтырып қана қоймай, сыртқа алып шығуы да әбден мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы толықтай карантин жарияламағанымен, жағдайды барынша күрделі деп танып, сауда мен туризмге шектеу қоюда», - дейді.
Ал Сауд Арабиясы билігі созылмалы ауруы бар немесе денсаулығы әлсіз жандарды қажылықтан тыя тұру керектігін ескертеді. Ал қажылыққа келетін адамдардан менингок инфекциясы мен тұмауға қарсы екпені талап етеді.
Өз кезегінде Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Сауд Арабиясына қажылыққа барамын дейтіндерге шектеу қоймағанымен, ондағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты аса мұқтаждық болмаса,белгіленген жерлерде ғана болуды ұсынады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері