- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты
«Біздің санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бізде күйдіргі, тырысқақ, оба, безгек сынды аса қауіпті дерттер тіркелмеген. Жалпы, 25 ауру түрі бойынша көрсеткіштер төмендеген. Олардың ішідегі маңыздысы С гепатиті, сырқат 2,5 есе төмендеген», - деді Ж.Бекшин ОКҚ өткен брифингте.
Жалпы, ол атап өткендей, елімізде бактериалды дизентерия 33%-ға, В гепатиті 20%-ға, түберкулез 12,6%-ға төмендеген. Алайда энтеровирусты инфекциялар ауруларының көрсеткіші өсіп келеді.
Ағымдағы жылы республика бойынша энтеровирусты инфекциялар нышанымен 552 адам дәрігерге көрінген. Олардың 154-де сырқат расталған. Жалпы, ауру еліміздің 8 аймағында тіркелген (Ақмола, ШҚО, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Қарағанды облыстары мен Астана, Алматы қалалары).
Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың маусым - шілде айларында Астанада 80 жағдайда зертханалық зерттеу аясында энтеровирусты этиологияның миқұрты сырқаты расталса, Қарағанды облысында ол 49 жағдайды құрады.
«Дерттің негізгі себебі жағдай жасалмаған суайдындарында шамылу болып табылады. Осы ретте ашық суайдындарында, бассейндерде зерханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу күшейтілді. Нәтижесінде ағынды суларда вирус анықталды», - деді Бекшин.
Камила Амирова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді