- Басты
- Жаңалықтар
- G-Global – жаһандық диалогқа арналған көпқызметті алаң
G-Global – жаһандық диалогқа арналған көпқызметті алаң
«G-Global» – бұл жаһандық деңгейдегі мәселелерді талқылау мақсатында бір ортаға жиналған әлем ойшылардың көпфункционалды Ғаламтор алаңы.G-Globalкоммуникативтік алаңы қысқа мерзім аралығында 149 мемлекеттің өкілдері болып табылатын 25 000 астам қатысушыларды біріктірді.
Қазақстан және әлем зияткерлерінің әлеуметтік желісі әлем болашағы тәуелді кең ауқымды сұрақтардың шешімдерін іздестіру жолында.Күн сайын әлемнің сарапшылар қауымдастығы үшін түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық және басқа мәселелер бойынша интерактивтік, ашық және қоғамдық пікірсайыстар ұйымдастырылуда.
Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, 2011 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған салтанатты сөзінде қызығушылық танытқан мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар және әлем қауымдастығының көпжақты ықпалдастығының жаңа үлгісі - Астана экономикалық форумының негізіндегі – G-GLOBAL форматын ұсынды.
Халықаралықвиртуалдық алаң әлемдік қаржы дағдарысынан шығу жолдарын іздестіруге арналғанжоба.
Сарапшылар мен ғалымдар төмендегі тақырыптар бойынша өз басылымдарын ұсынуда: Қазақстан экономикасы, аймақтық саясат, сауда-саттық қауіпсіздігі, заң және адам құқықтары, «жасыл экономика», энергияның айналмалы көздері және т.б.
Түрлі деңгейдегі сарапшылар екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелділік қауіптерін төмендету жолдарын, қаржылық активтерді бағалау әдістерін, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеудің объективті қажеттіліктерін, атомэнергетикасы бойынша сұрақ жауаптарын іздестіру үстінде.
Сондай-ақ бұл жерде қонақтар пікірсайыс және пікірталас негізінде жаһандық және экономикалық мәселелерді, Қазақстандағы және әлемдегі білім беру сұрақтары, қаржы жүйесі айналасындағы жағдай, мұнай бағасы және басқа да энергоресурстар сынды жергілікті және жағандық көкейтесті сұрақтарды талқылауда.
2012 ж қазан айында сайт ребрендингі жасалынып, жаңа порталдың әрлендірмесі ғаламторда жұмыс жасаудың үш оңтайлы қағидатына негізделген: бағдар, дербестік және минимализм.
Бірегей ақпарат ауқымы жүктеуге және пайдалануға әзір. Ең көп пікір тудырған және белсенді түрде оқырман назарына ұшыраған мақалалар мен тақырыптар Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығының әр тоқсан сайын шығатын –EurasianEconomicReview журналының беттерінде жарық көреді.
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды