- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының АӨК-не 3,6 млрд теңге бағытталды - КазАгро
Қызылорда облысының АӨК-не 3,6 млрд теңге бағытталды - КазАгро
«Өткен жылы облыстың АӨК-н қаржыландыруға Ұлттық холдинг 4,6 млрд.теңге жұмсады. Бұл өткен жылы республика бойынша қаржыландыру көлемінің 2,4% -н құрады»,- делінген хабарламада.
Қызылорда облысының инвестициялық қоржынында 6 млрд.теңге сомасына 7 жоба бар, олар 129 жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беруде. Олардың ішінде бүгінгі күні 2,9 млрд.теңге сомасына, 79 жұмсы орнын құрумен 3 жоба пайдалануға берілді.
Жалпы Қазақстан бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компанияларымен қазіргі уақытта 265,7 млрд.теңгеге 424 жоба қаржыландырылуда.
Облыс бойынша пайдалануға берілген жобалардың ішінде – 660 ІҚМ басқа арналған сүт-тауар фермасы және күрішті қайта өңдеу бойынша «Рза» АҚ желісі, 5,5 т/сағ.өндірістік қуаттылығы бар «Сыр Маржаны» ЖШС үшін күріш тазалаушы жабдықты иелену, «Шағырай» ШҚ үшін 5 тонна/сағатына күрішті қайта өңдеу бойынша жабдық.
Іске асыру барысында 500 басқа арналған «Сыр Маржаны» ЖШС, 200 басқа «Ақ-Барс» ЖК және 100 басқа арналған «Жирен» ШҚ бордақылау алаңдарының құрылысымен байланысты жобалар, «Жан-Арай» ЖШС және «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС күріш қайта өңдеу кешендерінің құрылысы.
Бұдан бөлек, «ҚазАгро» холдингі құрамындағы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да 5,7 га-ға жылыжай құрылысымен және 10 000 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысымен байланысты жобалар қарастырылу үстінде.
АӨК субъектілерін қолдау «ҚазАгро» Холдингінің құрамындағы қаржылық даму институттары арқылы жүзеге асырылады. 2013 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы облыс бойынша 939 млн.теңгеге 8 Несие серіктестері қаржыландырылды, оның құрамына 151 қатысушы кіреді. Осы мерзімде жалпы республика бойынша 19,2 млрд.теңгеге 158 несиелік серіктестер қаржыландырылды.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы Қызықлорда облысы бойынша 1 730,5 слн.теңгеге 656 шағын несиелер берілді. Жалпы республика бойынша 18090,8 млн.теңгеге 7290 шағын несиелер берілді.
Қызылорда облысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2013 жылы 1,4 млрд.теңге сомасына 135 бірлік түрлі ауыл шаруашылық техникасын иеленуге шарттар жасалды /ҚР бойынша – 3 481 бірлік ауыл шаруашылығы-және арнайы техника мен жабдықтар 45,2 млрд.теңге сомасына/. 2014 жылдың шілде айының басындағы жағдай бойынша 1,2 млрд.теңгеге 76 бірлік техника иеленіге шарттар жасалды, оның ішінде – 27 трактор, 12 комбайн, 21 арнайы техника және 16 бірлік өзге жер өңдеуші техника.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары