- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да жолаушылар тасымалын ұйымдастыру талқыланды
СҚО-да жолаушылар тасымалын ұйымдастыру талқыланды
Жиында жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының жетекшісі Бейбіт Ісманов бүгінгі таңда облыста 201 тұрақты жолаушылар тасымалы бағытының жұмыс істеп тұрғанын айтты. Сонымен қатар, облыстағы елді мекендердегі автобус қатынасымен қамтамасыз етілу деңгейі 72,6% құрайды.
«Облыс әкімі орынбасарларына аталмыш әлеуметтік мәселені қолға алып, оның орындалу барысын күн санап баяндап отыруды тапсырды», - делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар, жиында халықтан сүт сатып алу мен оны сату жайы да назардан тыс қалмады.
Өңірде қазіргі таңда 19 өңдеуші кәсіпкерлік жұмыс істеп тұр. Сүт өңдеу бойынша жалпы қуаттылық деңгейі жылына 272,1 тың тонна. Бүгінде соның 12-сі толықтай жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, сүт сатып алудың 41 стационарлы пункті мен 97 сүт тасымалдағышы жұмыс істейді. 194 елді мекен сүтті сатып алуға мұқтаж емес.
Облыс әкімі аудан әкімдеріне сүт сатып алудың кемінде екі пунктін құруды тапсырды. «Облыстың мал шаруашылығы өнімін сатып алу көлемін арттыру мүмкіндіктері мол. Жыл соңына дейін сүт сатып алынбайтын ауылдарда осы жағдайды жасау қажет», - дейді Ерік Сұлтанов.
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті -
Қазақстанға келетін авиажолаушыларға қандай талаптар қойылады -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды -
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды -
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек