- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ауылдық елді мекендерді толықтай зерделеу жүргізіледі – Өңірлік даму министрлігі
Қазақстанда ауылдық елді мекендерді толықтай зерделеу жүргізіледі – Өңірлік даму министрлігі
«Ауылдық аумақтардың ағымдағы жағдайын бағалау үшін, ауылдық елді мекендердегі өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды толықтай зерделеу және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдаудың негізінде ауылдық елді мекендерді топтастыру ұсынылады», - деді ведомство басшысының орынбасары.
Осылайша, С.Жұманғариннің айтуынша, топтастыру нәтижесінде тиісті дамыту шараларын дайындау үшін ауылдық елді мекендердің төрт тобы анықталады.
«Бұл аудан орталықтары, тіректі ауылдық елді мекендер, ауылдық және кенттік округтердің орталықтары, басқа да ауылдар. Аудан орталықтары мен тіректі ауылдық елді мекендерді ауыл мен қаланың экономикалық, әлеуметтік, мәдени және демографиялық байланыстарына көпір болып қызмет атқаратын экономикалық өсу орталықтары ретінде дамыту ұсынылады», - деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар, ол «Өңірлерді дамыту» бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке Кешенді жоспарларды әзірлеу арқылы дамыту ұсынылатынын түсіндірді. Бұл жоспарлар өз кезегінде, С.Жұманғариннің айтуынша, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын салу, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқа да қызметтерді дамыту бойынша шаралар көзделетін болады.
Осылайша, ведомство басшысының орынбасары айтып өткендей, тіректі ауылдық елді мекендердің және оларға іргелес аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін, бұл ауылдарда жеткілікті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын болады. Өз кезегінде, тіректі ауылдық елді мекендер аудан орталығының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың ықпал ету аймағына кіретін болады.
«Ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша Кешенді жоспарларды, облыстық және аудандық жоспарларды қаржыландыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, облыстар мен аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру тетіктерін пайдалану ұсынылады», - деп хабарлады С.Жұманғарин.
Мемлекет басшысының 2013 жылғы 10 сәуірде өткен Кәсіпкерлер кеңесінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Өңірлік даму министрлігі ауылды жандандыру мәселелері бойынша Ұйымдастыру шараларының жоспарын (Жол картасын) әзірлегенін айта кету керек.
Өңірлік даму министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні республикамыздағы 6936 ауылдық елді мекендерде 7,6 млн. адам тұрады. Барлық ауылдардың ішінде 1310-ның даму әлеуеті жоғары, 5192-сінің даму әлеуеті орташа болып есептеледі. Әкімшілік маңызы бойынша ауылдық елді мекендердің 119-ы аудан орталықтары, 2182-і кенттік және ауылдық округтердің орталықтары болып табылады.
Оған қоса, ауылдық елді мекендердің жартысынан астамы шағын, яғни тұрғындарының саны 500 адамнан кем болып келетін ауылдар болып табылатынын және оларда ауыл халқының небәрі 9,7% тұратынын атап өту керек.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті