- Басты
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстанда 2014 жылы мәдениет саласын дамытуға 4,2 млрд теңге бөлінеді
Батыс Қазақстанда 2014 жылы мәдениет саласын дамытуға 4,2 млрд теңге бөлінеді
Халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, шұрайлы тілі, діні – дәл осы «мәдениет» деген асыл ұғыммен астасып жатыр.
Бүгінгі таңда облысымыз бен Орал қаласының тұрғындарына 403 мемлекеттік көпшілік кітапхана, 277 клуб мекемелері мен 5 автоклуб, 16 музей, 2 драма театр, 5 кинотеатр, 53 киноқондырғы, 4 мәдениет және демалыс саябағы мен 1 көрме залы, 2 қоғамдық – «Старый Уральск» және Ғабдулла Тукайдың мұражайлары мен 3 жекеменшік кинотеатр мәдени қызмет көрсетіп келеді.
2013 жылы мәдениет саласына облыстық бюджеттен 3 млрд 701 млн 573 мың теңге бөлінсе, биылғы жылы бөлінген қаржы көлемі 4 млрд 203 млн 400 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға артық.
Соңғы жылдары Теректі ауданының Сарыөмір, Казталов ауданының Жаңажол ауылдық клубының ғимараты жаңадан салынып, пайдалануға берілсе, биылғы жылы Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталық, Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылында 200 орындық ауылдық клуб пен кітапхана, Казталовка ауданындағы Бостандық ауылдық клубының ғимараттары жаңадан салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ заман талабына сай типтік үлгідегі Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті