1 тамыздан бастап Алматы-Ақтөбе бағытында жаңа пойыз жүретін болады

28 Шілде, 2014 15:21
Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап №49/50 «Алматы-2 - Ақтөбе» бағытындағы «Жібек жолы» жолаушылар пойызын сапарға аттандыратыны жайлы хабарлады. Құрам төрт күнде бір рет қатынайды, деп «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек жолаушылар қозғалысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап №49/50 «Алматы-2 - Ақтөбе» бағытындағы «Жібек жолы» жолаушылар пойызын сапарға аттандыратыны жайлы хабарлады. Пойыз құрамы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталады. 

Айта кетерлігі, Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 1 вагон ресторан, 1 вагон-кафетерий. Құрам Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан, Қызылорда, Қазалы, Сексеуіл станцияларына аялдайды. Ақтөбеге дейінгі жол 30 сағат 08 минутты, қайтар жол 29 сағат 51 минутты құрайды. 

 

Барлық жаңалықтар