- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 60 сауда базары жұмыс істеп тұр – әкімдік
Қарағанды облысында 60 сауда базары жұмыс істеп тұр – әкімдік
Оның айтуынша, базарлардағы бөлек сауда айналымы 45,9 млрд теңгені құрайды, бұл өңірдегі жалпы тауар айналымының 17,8%-ын құрайды. Соның ішінде ең көп шоғырланғаны Қарағандыда 22 базар, оның 9-ы азық-түлік базары.
Алайда облыстағы барлық базарлар өзінің архитектуралық көрсеткіштерімен, техникалық қамтамасыз етілу деңгейімен, санитарлық жағдайымен заманауи талаптарға толық жауап береді. Осыған орай солардың кейбіріне заманауи талаптарға сай сауда шарттарын қалыптастыру қолға алынуда.
Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе нарықтағы контрафактілік өнімдер айналымы. Әділет департаменті қаржы полициясымен және ІІД-мен бірлесіп тұрақты түрде контрафактілік өнім айналымының алдын алу шараларын жүргізуде. Жыл басынан бері 35 рейд жүргізіліп, 1,5 млн теңгенің 4175 дана өнімі тәркіленді.
Сонымен қатар, жабайы сауданың алдын алу жұмыстары да жүргізілуде.
«Рейдтік шаралар барысында тәртіп сақшылары сауда орындары мен көше саудасында 75 адамды ұстап, оларға 335 мың теңге айыппұл белгіледі. 149 адам ескерту алды», - делінген хабарламада.
Жиын қорытындысы бойынша әкім моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша облыс базарларын жаңғыртуды тапсырды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары