- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының балық шаруашылығында 36 көл мен 80 су қоймасы пайдаланылады
Қарағанды облысының балық шаруашылығында 36 көл мен 80 су қоймасы пайдаланылады
Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейні инспекциясының жетекшісі Сағымбай Медеубаевтың айтуынша, өңірде балық шаруашылығын енгізу мақсатында 36 көл мен 80 жасанды су қоймасы пайдаланылуда. Қазіргі таңда оларда 32 балық түрі бар. Алайда соның ішінде төрт түрі ғана кеңінен тараған.
Облыстағы балық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарының бірі жасанды және табиғи балық ресурсы өндірісінің шарттарын дамыту. Балық шаруашылығы су қоймаларын пайдаланушылар өз қаражаттары есебінен жыл сайын су қоймаларын балықпен қамтамасыз ету шараларын қолға алады. Атап айтар болсақ, олар «Арлан», «Әсел» шаруа қожалықтары мен «Тайтілеуов» ЖК мен өзгелері. Осы шаруа қожалықтарының арқасында облыста балық шаруашылығының барлық мәселелері шешілген.
«Су қоймасын пайдаланушылар 10 жыл ішінде оны қорғау, балық ресурстарымен байыту, ғылыми зертеу жүргізу мен материалдық-техникалық базамен жарақтандыру міндеттемелерін мойындарына алып отыр. Жыл сайын осынау шараларға 50 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады», - деп хабарлайды әкімдік.
Қазіргі таңда климаттық жағдай, су қоймаларының өзгермелі және болжануы қиын гидрологиялық режимі мен өзге де антропогенді ерекшеліктердің факторлары дәстүрлі балық шаруашылығын қолға алуда белгілі бір деңгейде қиындықтар тудырып отыр. Сол себепті жиында да айтылғандай, облыстың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерінің бірі балық шаруашылығының мәдениетті түріне өту болып табылады.
Дегенмен өңірдің басты қиындықтарының бірі балық жем-шөбін өндіру құрылғыларын сатып алуға шаруашылық үшін жеңілдетілген субсидияның жоқтығы. Сонымен қатар, суды өңдеу мен өзге де құрылғыларының тапшылығы да шаруашылықтың алға ілгерілеуіне қолбайлау болып отыр.
Облыс әкімі жиында өңірде қазіргі таңда балық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқанын айта келіп, сонымен қатар оның әлеуетінің әлі де болса толықтай игерілмей жатқанын айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері