- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО — өмірдің талабынан туған қадам – Ш. Саринов
ЕАЭО — өмірдің талабынан туған қадам – Ш. Саринов
«Осы тұрғыдан алғанда Ресей, Беларусь елдерімен одақ құруымыз біздің ел үшін аса тиімді екеніне дау жоқ. Мұның алғашқы дәмін тата да бастадық. Қазір біздің дүкендерімізде осы әріптес елдердің тауарлары молынан тұр. Бұл бізге бір жағынан молшылық әкелсе, екінші жағынан еліміздің өз ішінде бәсекелестік туғызады. Сапалы тауар өндіруге, өнімді молайтуға итермелейді. Біздің өндіретін етіміз, сүтіміз, астығымыз осы аталған екі ел шығаратын өнімдерден кем болмауға, тіпті жоғары болуға тиіс», - деді Ш. Саринов.
Оның айтуынша, Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімінің айрықша сапаға ие екенін бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер ұмыта қойған жоқ. «Тек біздің елімізде, Елбасының атап көрсетіп жүргеніндей, сол өнімдерді өңдеп, ұқсататын орындар әлі де жетіспейді. Таяу жылдардағы біздің ұстанатын басты мақсатымыз осы болуға тиіс деп ойлаймын».
«Біздің Мәртөк ауданында астық, ет, сүт өнімін өндіруді кеңейтіп, рынокты ұлғайтуға мүмкіндік мол. Қазірдің өзінде «Айс», «Мәртөк сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығаратын азық-түлік өнімдері арқылы мәртөктіктердің тауарының сапасын еліміздің біраз бөлігі біледі. Ақтөбе дүкендерінде шетел өнімінен гөрі, біздің өнімге деген сұраныс жоғары. Бұл біздің ауданның болашағын да көрсетеді», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет