• Басты
  • Елбасы Генадий Головкин мен Винченцо Нибалиді құттықтады
28 Шілде, 2014 10:15

Елбасы Генадий Головкин мен Винченцо Нибалиді құттықтады

Елбасы «Тур де Франс» көпкүндік жарысындағы жеңіске орай «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали мен бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы Генадий Головкин мен Винченцо Нибалиді құттықтады

Мемлекет басшысы Г.Головкиннің жеңісі боксты сүйетін көпшілік қауым және барша қазақстандық жанкүйерлер үшін тамаша тарту болғанын атап өтті.

«Лайықты қарсыласпен адал бәсекеде сен жауынгерлік мінез, қайсар рух танытып, дайындығыңның мықты екенін көрсеттің, өзіңнің үздік екеніңді тағы да дәлелдедің, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделін арттырдың. Біз сенің жеңісіңді мақтан етеміз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға денсаулық, бақ-береке және кәсіби рингтегі алдағы бәсекелерде жарқын жеңістер тіледі.

Винченцо Нибалиге жолдаған жеделхатында  Қазақстан Президенті әлемнің үздік кәсіпқой велошабандоздарының бәсекесіне қазақстандықтар бір ай бойы куә болғанын айтты.

«Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз барлық кезеңде біздің велокомандаға Қазақстанның спорттық жетістіктерін тағы да танытуға мүмкіндік берді», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға және бүкіл «Астана» командасына велоспорттың басты жарыстарында топ жару жолындағы жемісті еңбек пен жанкешті күрес үшін ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Винченцо Нибалиге мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды