- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қалдықтарды басқару саласын жаңғырту бойынша семинар өтті
Астанада қалдықтарды басқару саласын жаңғырту бойынша семинар өтті
Сонымен қатар тыңдаушылар 2014-2050 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын, қалдықтарды басқару секторындағы мемлекеттік-жеке әріптестік, иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату, күшті органикалық ластағыштарды басқару мәселелерін талқылап, Қазақстанның халықаралық конвенцияларға байланысты міндеттері мен қалдықтарды басқару саласындағы жобалармен танысты.
Семинарда «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мен қоршаған ортаға негативтік әсерді шектейтін және еліміздің халқының өмір сапасы мен жағдайын жақсартуға бағытталған қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру жайлы мәселелер талқыланды.
Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасында қалдықтарды басқару саласын жетілдіру негізгі бағыттардың бірі болып белгіленген.
Семинардың соңында Қалдықтарды басқару департаментімен бірлесе отырып, «ҚР қалдықтарды басқару саласы бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында қалдықтарды басқару саласындағы қазіргі нормативтік-құқықтық базасы талқыланып, қалдықтарды басқару бойынша ҰКП-мен өнеркәсіп кәсіпорындарында қалдықтарды басқаруға байланысты, аумақтардың қалдықтарсыйымдылығын есепке алу бойынша жергілікті үкімет органдарымен әрекеттестікті жетілдіру және Министрліктің жанында қалдықтарды кешенді басқару бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру мүмкіндігі жайлы ұсыныстар жасалды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды