Қостанай облысында кәсіпкерлерге арналған дөңгелек үстел өтті

27 Шілде, 2014 14:28
Қостанай облысының Сарыкөл ауылында КҚО консультанттары Сарыкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміміен бірігіп өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасындағы өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мамандар дөңгелек үстел қатысушыларына агроөндірістік кешенде қызмет ашу үшін несиелерді субсидиялауды қалай жүзеге асыру керектігі бойынша кеңес берді. Қатысушыларды қызықтырған  несиеге кепіл салалық шектеуге қарамай берілуі.

Сондай-ақ, жиында бизнес-жоспарды құру, тауарларды төлеуге арналған постерминалдардың орнатылуы, өз бизнесін ашу процедурасы, салық режимін таңдау сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар, «БЖК-2020» аясында кәсіпкерлер бірнеше қызметті тегін ала алады. Ол қызмет әр түрлі салада жүзеге асады. 

Барлық жаңалықтар