Атыраудағы кәсіптік мектептен 36 өрт сөндіруші білім алды

27 Шілде, 2014 11:42
Атырау облысының ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және жедел-құтқару жұмыстары» мектебінен 36 қызметкер білім алды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сонымен қатар, Жол картасы аясында «90 күндік даму» акциясы облыстың Индер ауданында ұйымдастырылды, онда алдын ала дайындау бағдарламасы  бойынша алғашқы дәрістерді оқып шықты.

Айта кетерлігі, мектеп білікті және сапалы кадрларды дайындау үшін бірқатар техникалық білім беруді де назарға алған, онда интерактивті «Автолестница АЛ-50» және "НЦПК-40/100 – 4/400 өрт сөндіру сорғысы» бар. 

Барлық жаңалықтар