- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында сумен қамтуға инвестиция салу бойынша жиын өтті
Маңғыстау облысында сумен қамтуға инвестиция салу бойынша жиын өтті
«Empereal» компаниясының ұсынысы бойынша суды тұщыландыру технологиясы, күн және термалды энергияға негізделген электр энергиясын шығаратын модульді құрылғы салу қажет. Мұндай бір зауыт қуаттылығына байланысты шамамен 12-15 айда салынады. Тәулігіне бұл нысандар 10 млн литр су мен 150 мегаватт электр қуатын шығармақ. Жобаның құны 85,5 млн доллар.
«Біз Маңғыстау облысын таңдауымыздың бір себебі өңірдің күн көзінің белсенділігінде жатыр. Мұндай инвестициялық жобаларды біз әлемнің 9 елінде жасадық. Біздің басты мақсатымыз – өңірдегі экологиялық қатердің алдын алып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу. Біздің тағы бір артықшылығымыз – біз алдағы 20-25 жылда Үкімет тарапынан бекітілген тарифті ұстап тұруға кепілдік береміз. Өздеріңіз де байқағандай, жоба ұзақмерзімді. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жер телімін жалға алып, инвестиция тартамыз, 20 жыл бойы салынған зауытты өзіміз басқарамыз. Кейін оны мемлекет меншігіне қайтарамыз», - дейді Манож Дивакаран.
Айта кету керек, өңірдегі жобаның іске асырудағы бір шарты баламалы қуат көздерін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның тізіміне енгізу, жер телімін беру мен қазіргі электр желілеріне жалғау.
«Маңғыстау облысындағы алыс елді-мекендерді таза ауыз сумен қамту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сіздер секілді инвесторлардың осы жағдайды түсініп, жобаны іске асыру бойынша нақты ұсыныспен келгендеріңіз көңіл қуантады. Менің ең көп ойлағаным өңірдің тұрғындары үшін сіздердің салған зауыттарыңыздың салынуындағы экономикалық тиімділік болып отыр. Бұл мәселені индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп қарауды тапсырамын», - дейді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері