- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ОПЕК қоры инвестициялық саладағы ынтымақтастықты жандандырмақшы
Қазақстан мен ОПЕК қоры инвестициялық саладағы ынтымақтастықты жандандырмақшы
Кездесу барысында тараптар инвестиция саласында ынтымақтастықтың дамуын, соның ішінде Қазақстанға ұзақ мерзімді және төмен пайыз қаржыландыруды тарту мәселелерін талқылады.
С.Әль-Хербиш ОФИД мемлекеттік сектор жобаларына қарыз беру, коммерциялық секторға несие желісін ашу және қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық операцияларына сауда қаржысын беру бойынша Қазақстанмен инвестиция саласында ынтымақтасуға ынталы екенін жеткізді. Сонымен қатар, Қор басшысы Қазақстанға басым болып табылатын басқа да ынтымақтастық бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайындығын білдірді.
Тұрақты Өкіл Қайрат Сарыбай Қазақстандағы даму жобалары бойынша ҚР Үкіметінің ОФИД-пен ынтымақтастыққа дайындығы туралы хабарлап, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен ЭКСПО-2017 бастамаларын іске асыру бойынша әрекеттесуді ұсына отырып, Қазақстанның Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру мен даму банкі және көптеген басқа халықаралық даму институттарымен сәтті ынтымақтастық тәжірибесіне назар аударды.
Анықтама: ОФИД - 1976 жылы ОПЕК мүше-мемлекеттері тарапынан құрылған, Венада орналасқан халықаралық каржы даму институты. 2014 жылғы маусым жағдайы бойынша, Қордың берген жалпы көмек мөлшері 10 млрд.доллардан асты, соның ішінде 6,7 млрд.долл. мемлекттік жобалар мен бағдарламаларға арналған қарыздар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды