- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысының әкімі өңірдің құрылыс нысандарын бақылады
Қостанай облысының әкімі өңірдің құрылыс нысандарын бақылады
Облыс әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қала көшелерін аралап, осы мақсатта бюджеттен бөлінген 2 млрд 120 млн теңгенің қалай жұмсалып жатқанымен танысты.
Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылдың шілде айында жалпы ұзындығы 4 шақырымдық Баймағамбетов көшесінің жөндеу жұмыстарының екі жылдық жобасы аяқталмақ. Сонымен қатар, Чехов көшесін жөндеу жұмыстарының үш жылдық жобасы жалғасын таппақ.
Сонымен қатар, облыс әкімі жаңадан салынып жатқан ықшам аудандағы инженерлік коммуникацияның салыну сапасы, қарқынымен танысты. Осы шағын ауданның инженерлік коммуникациясын жобалау, дамыту мен салу жұмыстарына 1,2 млрд теңге бөлінген.
«Одан кейін Н.Сәдуақасов Білім беру басқармасы, Білім беруді автоматтандыру және білімді бағалау орталығы, Техникалық және кәсіптік білім беру өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы мен Дене шынықтыру өңірлік орталығы орналастырылатын әкімшілік ғимараттың жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты», - делінген хабарламада.
Соңында өңір басшысы Қостанайдағы жалпы құрылыс қарқынын тездету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері