• Басты
  • «ҚазМұнайГаз» БӨ жарты жыл ішінде 6 мың тонна мұнай өндірді
25 Шілде, 2014 10:34

«ҚазМұнайГаз» БӨ жарты жыл ішінде 6 мың тонна мұнай өндірді

«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2014 жылдың бірінші жарты жылында 6 мың тонна мұнай өндірді, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚазМұнайГаз» БӨ жарты жыл ішінде 6 мың тонна мұнай өндірді

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2014 жылдың алғашқы алты айында 6 106 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден  0,2%-ға артық.

 Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2014 жылдың өндірістік жоспарын 8 170 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) деңгейінде болжап отыр.  

Өндірісті жаңғырту бағдарламасы аясында екі нысан қолданысқа берілді.

Лиман блогындағы Новобогат ЮВ (карниз үсті) кен орнында эксплуатациялық сынақ басталды.Қоршаған ортаны қорғау саласында меморандумға қол қойылды.

 Компания «Қазақ мұнай және газ институтындағы» (КИНГ) өзіне тиесілі акцияларды сату туралы шешім қабылдады.

«2014 жылдың алғашқы алты айының нәтижелері ҚМГ БӨ-нің биылғы жылға межеленген жоспарды орындап жатқанын дәлелдейді. Өндірісті жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыс та жалғасын тапты – мемлекеттік органдар мен ҚМГ ҰК арасында тарихи ластанған топырақты кәдеге жаратуда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, Атырау облысындағы екі мұнай-газ өндіруші басқармада  ілеспе газды кәдеге жарату проблемасы шешілді десе болады, Маңғыстау облысында радиоактивті қондырғыларды тазарту жобасын іске асыру басталды»,- деді  ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды