- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асырылуда
Ақмола облысында АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асырылуда
«Агробизнес-2020» АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда мал шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Бұл өз кезегінде Мамай ауылында 500 бас ірі қара малына арналған «Каz Beef LTD» ЖШС базасында инвестициялық жоба құрлысын қола алуға мүмкіндік беріп отыр. Оған 4,8 млрд теңге инвестиция салынды.
Аталмыш жоба асыл тұқымы ірі қара малының санын арттырып, етті бағыттағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің табиғи құрамын жақсартуға, өңірді етпен қамтамасыз етуге жол ашады.
Қазіргі таңда мұнда 7004 бас ірі қара малы бар. Биылғы төл саны 1409. Сонымен қатар, 57 тонна сиыр еті алынған.
Еңбекшілдер ауданында «Қаз Гер Құс» ЖШС құс фабрикасы толық күшімен жұмыс істеп тұр. Онда 849 мыңнан астам құс өсірілуде. 2014 жылы 76 млн дана жұмыртқа өндірілген. Фабрикада 226 адам еңбек етуде.
«Тауарлы жұмыртқа өндірісін жылына 300 млн-ға дейін арттыру үшін құс фабрикасы құрылысының екінші кезегі өткізілуде. Қазіргі таңда 2 цех пайдалануға берілсе, тағы 4 корпустың құрылысы аяқталды. Жұмыртқа қоймасының ғимаратына жұмыртқа сұрыптайтын құрылғының монтажы жүргізілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында электр сымы мен су құрылғысын тарту жоспарлануда», - делінген хабарламада.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты