• Басты
  • Қазақстан адам дамуы индексі бойынша деңгейі жоғары мемлекеттер тобына кіреді
24 Шілде, 2014 09:21

Қазақстан адам дамуы индексі бойынша деңгейі жоғары мемлекеттер тобына кіреді

БҰҰ даму бағдарламасы өзінің жыл сайынғы баяндамасында 2013 жыл бойынша Адам дамуы индексі көрсеткішін атады. Зерттеу жұмыстарына 187 мемлекет пен аймақтар қатысты. Бұл рейтнгте Қазақстан 70 орында, деп ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен хабарлады.
Қазақстан адам дамуы индексі бойынша  деңгейі жоғары мемлекеттер тобына кіреді

«Баяндаманың тақырыбы: 2014 жылы әлсіздікті азайту және өміршендікті нығайту арқылы адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.

Бұл рейтингте көшбасын баяғыша Норвегия, Австралия, Швейцария, Нидерланды мен АҚШ бастап тұр. Ал, Сьерра-Леоне, Чад, Орталық Африка республикасы, Демократиялық Конго республикасы мен Нигер сол баяғыша тізімді қорытындылауда.

2012-2013 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстан 70 орынға тұрақтады. Жалпы, мелекеттердің категориясы бойынша Қазақстан адамзат дамуы бойынша көрсеткіші жоғары елдердің қатарында.

Сонымен қатар, Қазақстан Ресеймен (57 орын), Беларусиямен (53), Украинамен (83) бір топта, деп хабарланған.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды