- Басты
- Жаңалықтар
- «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайды экспорттау көлемі 3 млн тоннаны құрады
«Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайды экспорттау көлемі 3 млн тоннаны құрады
Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2014 жылдың өндірістік жоспарын 8 170 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) деңгейінде болжап отыр.
ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2014 жылдың алғашқы алты айында 6 106 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,2%-ға артық.
«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 627 мың тонна (тәулігіне 107 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 88 мың тонна (тәулігіне 3,6 мың баррель) немесе 3%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 391 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен шамалас. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 018 мың тоннаны құрады (тәулігіне 163 мың баррель), бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.
2014 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша тәуліктік өндіру көлемі Компания жоспарына толықтай сәйкес келеді. ҚМГ БӨ 2014 жылға 8 170 мың тонна деңгейінде қабылданған жоспарды ұстанып келеді, оның 5 350 мың тоннасы ӨМГ және 2 820 мың тоннасы ЕМГ үлесінде болмақ.
2014 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 2 938 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады, ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 010 мың тоннаны (тәулігіне 40 мың баррель) құрады. Компанияның болжамы бойынша, 2014 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа жөнелтетін мұнай көлемі 1,9 млн. тоннаны құрамақ.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты