- Басты
- Жаңалықтар
- Жарты жыл ішінде бюджеттік қаржының 99,3% игерілді– ДСМ
Жарты жыл ішінде бюджеттік қаржының 99,3% игерілді– ДСМ
2014 жылдың 1 жарты жылдығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы 330,7 млрд. теңге, оның ішінде 149,9 млрд. теңге - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, 180,8 млрд. теңге - нысаналы трансферттер бойынша қарастырылған.
Жиында өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары ағымдағы жылдың соңына дейін бөлінген қаражатты толық көлемде игеру бағытында қолға алынып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде министр Салидат Қайырбекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану және заңдылықты сақтау бойынша жүйелі іс-шараларды жалғастыратынын атап көрсетті. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан денсаулық сақтау нысандары құрылысына бақылауды күшейтуді талап етті.
«Атап өтетін жайт, орталық мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару бойынша қызмет тиімділігін бағалау нәтижесінде 2013 жылдың қорытындысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 23 мемлекеттік орган ішінде 2 орынды алды. Бағаланған 26 бюджеттік бағдарламалардың 24-і бойынша нәтижеге толықтай қол жеткізілді. Бұл көрсеткіш Министрлік жұмысының тұрақтылығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз көлемі азайып, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға жол берілген жоқ», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысына қатысты ҚР Есеп комитеті жүргізген кешенді бақылау нәтижесінде ұрлау, заңсыз шығын жұмсау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді