- Басты
- Жаңалықтар
- 11 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана мәселесін шешуде нақты құралға айналды – А.Медеуова
11 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана мәселесін шешуде нақты құралға айналды – А.Медеуова
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ миссиясы – ҚР барлық өңірлеріндегі халықтың негізгі бөліміне тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету мен тұрғын үй мәселесін жақсарту үшін сапалы банктік жүйесін ұсыну. 11 жыл ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі халықтың тұрғын үй мәселесін шешудегі теңдессіз құралға айналып отыр», - дейді «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық бөлімшесінің директоры және банктік басқарушы директоры Айжан Медеуова.
Өздеріңізге де белгілі, тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі төменгі сыйлық мөлшерлеме бойынша тұрғын үй қарызын алу мақсатында жекелеген жинаққа негізделген механизмді қарастырады.
«Қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинағы неміс моделі негізінде жасалынған. Ол өз кезегінде азаматтарды үймен қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың тиімді құралы ретінде өзін өзі дәлелдей білді. Бұл саясат Германияның үй алудағы қолжетімді жолы болуымен қатар айналасы санаулы жылдың ішінде неміс зейнеткерлерінің жоғарғы өмір деңгейін қамтамасыз етудің ірі құралы ретінде көрініс тапты. Осы қағида негізінде бүгінгі таңда біздің де банк жұмыс істеуде», - деген пікірлер айтылды конференцияда.
Айта кету керек, қазіргі таңда «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жылжымайтын мүлікті несиелеу саласында тұрғын үй қарызын беру шарттары мен процедураларын қысқарту шараларын қолға алуда.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі