- Басты
- Жаңалықтар
- Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын талқылау басталды
Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын талқылау басталды
2008 жылдан бері қолданыста келе жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама тұтастай алғанда қойылған мақсаттарды шешкенімен, бүгінгі уақытта өзінің өзектілігін жоғалтты. «Қазақстан 2050» Стратегиясының мақсаттары мен партия Доктринасындағы басымдықтарды назарға алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағдарламасы мемлекет пен барлық қоғамның жігерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмылдыруды көздейді.
Жаңа бағдарлама партияның саяси Доктринасындағы құндылықтарды іске асыратын, концептуалдық, жүйелік сипаты бар саяси, идеологиялық құжат болып табылады. Ендігі уақытта сыбайлас жемқорлықты туғызатын себеп пен жағдайды жоюға басты назар аударылмақшы.
Жобаға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізгі салмағы жергілікті жерлерге, бастауыш партия ұйымдарына ауады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру баяндамасын жариялау секілі басқа да жаңа механизмдерді енгізу қарастырылды.
«Сондай-ақ онда, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету, оның ықпалы қатты тиіп жатқан экономика секторына бақылауды күшейту керектігі атап өтілген. Бұдан бөлек, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың және ел экономикасы дамуының негізі болып табылатын күшті орта тапты қалыптастыру қажеттігілігі қарастырылуда. Бағдарлама жеке меншікке қол сұқпау, адал бәсеке қағидаттарын тиімді іске асыруға және орта тапты қалыптастырудың негізі болып табылатын бұқараның кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған», - делінген хабарламада.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді