- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиелеу процедурасын қарапайым етудің жаңа саясатын өткізеді (ФОТО)
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиелеу процедурасын қарапайым етудің жаңа саясатын өткізеді (ФОТО)
«Бүгін біз жаңа өнімімізді ұсынып, риэлторлармен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Сол себепті өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келген кез келген адам бірінші кезекте риэлторға барып, керекті мағлұматын және түрлі жолдарын үйрене алады. Қазіргі таңда халық арасында біздің банктен несие алмау керек деген сынды пікірлер тараған. Дегенмен несиені мемлекеттік бағдарлама бойынша да берілетінін ескеру керек. Біз осы кездесу арқылы мәселені дұрыстап түсіндіруді мақсат етіп отырмыз. Риэлтор дегеніміз банк пен сатып алушылар арасындағы белгілі бір деңгейдегі ағайын іспетті», - дейді «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры Ерұлан Жамаубаев.
Банктің басқарушы директорының айтуынша, олардың өнімдері барынша арзан және тиімді.
«Біз ипотекалық компаниялармен бәсекелес емеспіз. Біздің өзіміздің тиісті өнімдеріміз бар. Ол нарықтағы бағадан анағұрлым арзан және тиімді. Ипокелық несие дегеніңіз халықтың белгілі бір тобына ғана арналған. Ол үшін өте көп мөлшерде табысыңыз болуы қажет. Сонымен қатар біздің банктің өзінің жинақ жүйесі бар. Ол алдағы уақытта баспана сатып алу мәселесін жоспарлауға мүмкіндік береді», - дейді ол.
Оның пікірінше, осының барлығы қызмет көрсету мерзімдерінің кемінде 3 есеге дейін азаюына, сонымен қатар «бір терезе» қағидасымен қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек.
«Банк қазіргі таңда қызмет көрсету саласында жаңалықтар енгізу мақсатында түбегейлі шараларды атқаруда. Соның ішінде ақпараттық технологияларды енгізу, электронды үкіметпен бірлесе жұмыс істеу басты назарда», - дейді Е.Жамаубаев.
Индира Қауметова
Фото-Азамат Алиев
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма