- Басты
- Жаңалықтар
- Оралда жаңа ҚТҚ полигоны салынады
Оралда жаңа ҚТҚ полигоны салынады
24 Шілде, 2014 14:26
Бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны өзінің пайдалану мерзімін тауысып, енді жабылуы тиіс. Осыған орай Оралда жабылатын полигонның жанынадағы 54 гектар жерге жаңа полигон салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімі Алтай Күлгінов.
«Қазір біз полигонды жаба алмаймыз. Өйткені оны алмастыратын басқа полигон әлі салынбаған. Жаңа полигон құрылысы мәселесі қазіргі таңда Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі тарапынан қаралуда. Аталмыш жоба техникалық-экономикалық негіздеу кезеңінде жатыр. Полигонның құрылысы жүргізілетін жер телімі берілген, бұрынғы полигонның жаны», - дейді әкім.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қоқыс өңдейтін зауыт құрылысына инвесторлар тартылмақшы.
«Алайда халықтың ол үшін қоқысты сұрыптауы қажет. Макулатураға бөлек, пластиктерді бөлек, өзгелерін бөлек-бөлек дегендей. Бұл уақыттың еншісінде енді. Ақырындап оған да жетеміз», - деді ол.
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар