- Басты
- Жаңалықтар
- ЮНЕСКО ұлттық комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырушы мемлекеттерге қолдау көрсетеді – Э.Фальт
ЮНЕСКО ұлттық комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырушы мемлекеттерге қолдау көрсетеді – Э.Фальт
Ұлттық комиссиялардың екінші күні әлемнің барлық аймақтарындағы ЮНЕСКО-ның қызметі мәселелері бойынша аймақтық кеңесулер мен ашық пікірталастар сипатында өтті.
Азия және Тынық мұхиты мемлекеттерінің сессиясын ЮНЕСКО бас директорының орынбасары Эрик Фальт ашты. Өзінің сөзінде ол ЮНЕСКО шеңберіндегі мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен одан сайын жақын арақатынасында ұлттық комиссиялардың орны ерекше екендігін айтып, ЮНЕСКО ұлттық комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырушы мемлекеттерге қолдау көрсету мен қаражат бөлуге әрдайым дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, әр ұлттық комиссия үшін өздерінің ұлттық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеретін ЮНЕСКО Бас хатшылығымен әріптесудің төл стратегиясын құрудың маңызын атап өтті.
Өңірдің 28 мемлекетінің басын біріктіретін Еуропа мен Солтүстік Америка аймағы сессиясында бұл топтың ұлттық комиссиялары аралығындағы өзара ықпалдастық, өзара ақпарат пен тәжірибе алмасудың тиімділігі жөнінде сөз қозғалды. Осы орайда ғылым, білім және мәдениет салаларында тиімді ынтымақтастық үшін жаңадан құрылған ұлттық комиссияларға көмек пен қолдау көрсету қажеттігіне аса көңіл бөлінді.
Африка аймағының ЮНЕСКО ұлттық комиссияларының басшылары аталмыш ұйым органдарының нәтижелері мен Африка мемлекеттерінің әлемнің өзге елдерінен ерекшелендіретін ұлттық мәселелерін талқыға салды. Қатысушылар саны бойынша ең үлкен бұл сессияда аймақтық бюроның ресми құжаты және ұлттық комиссиялар ЮНЕСКО-ның кластерлық бюроларымен біріздік әрі толассыз жұмыс жүргізуі туралы пікірталастар өткізілді.
Осындай қызу пікір алмасулар жеті араб мемлекеті және он үш Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің ұлттық комиссиялардың өкілдерінің қатысуымен өткен сессияларда да өтті.
Аймақтық топтар сессиялардың жұмысы нәтижелері болып табылатын ұсыныстар мен қорытындылар ЮНЕСКО ұлттық комиссияларының ақтық отырысында жарияланатын болады.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер