- Басты
- Жаңалықтар
- Астана – Щучинск трассасындағы арнайы табло жүргізушілерді ауа райы туралы ескертеді
Астана – Щучинск трассасындағы арнайы табло жүргізушілерді ауа райы туралы ескертеді
«Автоматтандырылған жол метеостанциясы метеошамалардың 30-ға жуық параметрлерді өлшеп отырады. Оның ішінде, ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, жауын-шашынның қарқындылығы мен түрлері, желдің бағыты мен жылдамдығы», - делінген хабарламада.
Жүйенің құрамына келесі бөлшектері кіреді: автоматтандырылған жол метеорологиялық станция, жүйе операторының жұмыс орны мен ақпараттық табло. Метеостанция құрамына жол бетінің жағдайын (құрғақ, ылғалды, су, химикат пен су аралас, мұз, қырау, қар, судың бары, мұзға қарсы химикатты бақылау, жердің бетіндегі су қабаты және қату температурасын бағалау) анықтайтын жол датчигі кіреді.
Учаскедегі қалыптасқан жағдай жөнінде жүргізушілерді ақпараттандыру және ескерту мақсатында мәліметтерді сақтау серверіне онлайн түрінде тұрақты қол жеткізе алатын жүйе операторы уақыт, ауа температурасы, ағымдағы ауа райы мен ең жоғарғы жылдамдық жайындағы 4 параметрді көрсететін жарық диодтық таблоға қажетті ақпаратты шығарып отырады.
Аталған метеостанция Астана – Щучинск жолында «Қазақстанда магистральдық зияткерлік көлік жүйелерін жасау және дамыту жөніндегі 2020 жылға дейін жоспарды» іске асыру аясында жоғары жылдамдықты автомагистральдер мен халықаралық бағыттардағы трассаларда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Айта кететін жайт, оператордың тиісті орыны «Лаборатория Генезис» қазақстандық компаниясы әзірлеген арнайы мамандырылған бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған. Бағдарлама мәліметтерді талдап, операторға қажетті ұсынымдарды шығарып береді.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды