- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау мәселесі талқыланады
Астанада мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау мәселесі талқыланады
Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, ҚР Мәдениет министрлігінің тіл комитеті, тілді дамыту бойынша жергілікті мемлекеттік орган өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық өкілдері, қазақ тілі мұғалімдері мен қазақ тілді БАҚ журналистері мен жастар қатысады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен жауапкершілікті талап ететін тіл саясаты қазақ ұлтының басты біріктіруші факторы болып табылады.
«Біз өзіміздің ұрпақтарымызға заманауи тілімізді мұра етіп қалдыруымыз керек. Біздің ана тіліміздің ата-бабадан бізге мұра болып қалғаны белгілі. Бұл асыл парызды әрбір қазақстандық өзінің басты міндеті деп түсінуі тиіс», - деген болатын Елбасы. Мемлекеттік ана тілімізді нығайту бойынша ірі жұмыстарды атқарып жатқанына, соның ішінде жастарға үйретуде қажырлық танытқанына қарамастан, жастар арасында әсіресе белгілі бір проблемалардың бар екені анық. Біз енді сол күрделі мәселелердің түйінін тарқатып, сарапшылар мен ғылыми қызметкерлердің тәжірибесін бөлісу алаңын құруымыз қажет», - дейді «Студенттік өзін өзі басқару және дамыту одағы» КҚ жобасының үйлестірушісі Дастан Дәлелханов.
Конференция аясында орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері сөз алып, 2020 жылға дейінгі тілдерді дамыту мен жұмыстарын жалғастыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндайды. Оқу орындары мен білім беру мекемелерінің ұстаздары жастарға мемлекеттік тілді үйрету, соның ішінде кірме ұлттарға қазақ тілін үйрету тәжірибесімен бөліседі.
Айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстар және идеялар конференцияның қорытынды резолюциясына енгізіледі.
Шара Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 31-інші шілдеде өтеді. Оны ұйымдастырушы ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің қолдауымен «Студенттердің өзін өзі басқару және дамыту одағы» корпоративті қоры.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді